2. Мамандар құрамын талдау
2. Мамандар құрамын талдау
Сапалы білім мен тәрбие беру мектепке дейінгі мекеме жұмыстарының тиімділігі және даму көрсеткіштері. Оны жүзеге асыру үшін ең алдымен педагог мамандарының қызметі, дамуы. Сондықтан да, педагогикалық менеджмент негізінде құрылған басқару қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде педагогтардың мәртебесін көтеру, олардың кәсіби шығармашылық деңгейлерін арттыруға деген мотивация тудыру, өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру болып табылады. Басқару қызметінде педагогикалық менеджмент негіздемесінде педагогтардың мәртебесін көтеру ғана емес, мақсаты тұрақталып ынтымақтастықпен жасалынып, жететін жетістіктерге бағытталған. Ұйымдастыру түрлерін жетілдіріп, бірлесе технологиялық шаралар мен ережелерді сақтай отырып, барлық педагогтарға қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету. Білім беру үрдісінің өнімділігін барынша арттырып, жаңа көзқарастардың тууына арналған жүйелі жұмыстардың арқасында балабақша ұжымында сапалық өзгерістерге қол жеткізілді.
Тәрбие мен оқыту процесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі. Білім беру салаларында, оқу қызметінде көлемінің тепе-теңдігі сақталған. Бала құзіреттілігін қалыптастыру - білім беру іс-әрекетінің бағыты болып табылады. Мектепке дейінгі мекеме педагогтарының бірлескен іс-әрекеті балалардың дербестік даму кеңістігін, шығармашылығының басталуын қалыптастырады. Мектепке дейінгі мекеме педагогтарының ұжымды ынталандыру жүйесінде жеке өзіндік дамуы және дербестік шығармашылық әрекетіне бағытталған. Мұның өзі жаңа даму жүйесіндегі жеке тұлғаның дамуы және педагогикалық қызметінің жоғары сапалық көрсеткішін көрсетеді. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері мен педагог мамандар өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшін, озық көшінен қалмауды басты назарда ұстайды Семинарлар, тренингтер, педагогикалық кеңестер, әдістемелік бас қосулар өткізіледі. Қалалық білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында жоспарланған кестесіне сай курстық дайындықтардан өтеді. Бүгінгі педагог - кәсіби ізденуші, зерттеуші, өз бетінше шығармашыл, әдістемелік теориялық ойлау қабілеті жоғары, ерекше ынта-ықылас, серпінмен, қызығушылықпен, құлшыныспен, ұжыммен бірлескен әрекеттер құра алатын маман. Осыған орай педагог мамандар өз білімін жетілдіру мақсатында қалалық білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының ұйымдастырылған курстарынан өтуге арналған кестесі құрылған. Сонымен қатар, өз бетімен білімін көтеру бағыты бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіледі. Алдыңғы қатарлы озық педагогикалық іс – тәжірибесін арттыруға жағдай жасалынған.
Төменде педагогикалық ұжымның сапалық құрамындағы өзгерістер көрсеткішін келтіріп отырмыз.
Мектепке дейінгі ұйымда штаттық кестеге байланысты қызметкелер саны- 23 оның ішінде педагогтар саны –10 әкімшілік және техникалық персонал – 13. Қазіргі уақытта қызметкерлер саны – 23, педагогтар саны – 10, әкімшілік және техникалық персонал – 13
Оқу жылы | Педа- гог саны | Жоғары | Арнаулы-орта | ||||||
Мектепке дейінгі | % | Педагогикалық | % | Мектепке дейінгі | % | Педагогикалық | % | ||
2019-2020 | 10 | 2 | 20% | 7 | 70% | 1 | 10% | 0 | % |
2020-2021 | 10 | 3 | 30% | 6 | 60 % | 1 | 10% | 0 | % |
2021-2022 | 10 | 4 | 40% | 6 | 60% | 0 | 20% | 0 | % |
Педагогикалық мамандардың білім беру сипаттамасындағы өзгерістер
Оқу жылдары | Жоғары білім | Арнаулы орта | Сырттай жоғары оқу орнында оқиды |
2019-2020 | 9 | 1 | - |
2020-2021 | 9 | 1 | - |
2021-2022 | 10 | 0 | - |
Педагогикалық ұжымды басқара отырып, әрбір педагогтың жетістіктерін жүйелі бағалау, бүкіл ұжымның бағалай білуіне қол жеткізу үлкен маңызға ие.
Тәрбиешілер мен педагогтарды базалық білімі туралы мәлімет
Жылы | Білім беру ережесіне сәйкес келетін базалық білімі бар педагогтар | Білім беру ережесіне сәйкес келетін базалық білімі жоқ педагогтар |
2019-2020 | 10 | - |
2020-2021 | 10 | - |
2021-2022 | 10 | - |